Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың білім беру процесін жетілдіру

2022 жылғы 22 сәуірде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың білім беру процесін жетілдіру» облыстық семинары өтті.

Семинардың мақсатты аудиториясы арнайы мектептердің, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарының және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жас педагог-мамандары болды.

Семинардың пленарлық бөлімі Павлодар облысы білім беру басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Ж. О. Айтмухамбетованың алғы сөзімен басталды. Басшы М.М. Насонов мектеп – интернат жұмысының басым бағыттары туралы айтып, білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту процесін жетілдіру бойынша педагогикалық ұжымның тәжірибесімен таныстырды.

Семинарға қатысушылардың алдына келесі міндеттер қойылды: ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мәселелерін микрозерттеу бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, тәжірибе алмасу бойынша диалогтық алаңға қатысу, арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибесінде іс-әрекетте зерттеулер жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылдау.

Басшының орынбасарлары А.С. Адамова, Ю.К. Марченко семинарға қатысушыларға экскурсия жүргізіп, оқу — тәрбие үрдісінде заманауи түзету-дамыту жабдықтарын пайдалану туралы айтып берді.

Семинар жұмысы төрт диалог алаңында ұйымдастырылды: «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Пәндік білім беру ортасы», «Ақыл — ойы бұзылған оқушыларды түзете-дамыта оқыту», «Ерекше білім беру қажеттілі бар оқушыларды әлеуметтендіру: мәселелер, шешу жолдары».

Қонақтар назарына түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаз оқушыларының орындауындағы әсем концерт ұсынылды.

Қорытындылай келе, қатысушылар оң пікірлер қалдырды, оқушылардың әлеуетті қабілеттерін қалыптастыру және оларды қоғамда одан әрі әлеуметтендіруде арнайы ұйым педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс мазмұнының өзектілігін атап өтті.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.