Мамандық таңдау

Кәсіби өзін-өзі анықтау, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың, оның ішінде ақыл-ойы бұзылған оқушылардың мамандық таңдауы күрделі мәселе болып табылады. Әрбір ұрпақ алдында жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін де, біздің оқушылар үшін де «Кім болу керек?» деген сұрақ туындайды.

Біздің мектеп-интернат оқушыларының мамандық таңдауына мұғалімдердің үлкен алдын ала жүргізген тәрбие жұмыстарының ықпалы зор.

«Павлодар монтаждау колледжінің» мұғалімдері «№ 4 АМИ» КММ базасында біздің мектеп-интернаттың түлектерімен әңгіме жүргізді.

ПМК мұғалімі Галина Анатольевна Котова оқушыларды колледж дайындайтын мамандықтармен таныстырды, оқытудың қаншалықты қызықты өтіп жатқанын айтты.

Оқыту «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Электрмен жабдықтау», «Автокөлік құралдарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша жүргізіледі. Мұғалім балаларды ата-аналарымен бірге колледжге экскурсияға шақырды. Түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың қоғамға сәтті бейімделуі – біздің мектеп-интернаттағы барлық оқу, түзету-дамыту жұмыстарының түпкі мақсаты.

А.Д. Мангутова

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.