🎒 «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды!

🎒 «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды!
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына дайындық кезінде балаларға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтеді.
Материалдық көмек:
🔹 жетім балаларға;
🔹 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
🔹 аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға;
🔹 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
🔹 қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көрсетіледі.
Акцияның басты мақсаты – әрбір баланың жаңа оқу жылын қажетті мектеп құралдарымен бастап, қамқорлық пен қолдауды сезінуіне мүмкіндік жасау.
Барша жанашыр азаматтарды, ұйымдар мен кәсіпкерлерді осы игі іске атсалысуға шақырамыз. Бірге жақсылық жасап, көмекке мұқтаж балаларға қуаныш сыйлайық! ❤️
Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.