Экологиялық тәрбие аясында № 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Экологиялық патруль» жұмыс істейді.
Бұл жобаның басты мақсаты оқушылардың табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Біздің мектеп даңқты ақын — жерлес П. Васильевтің есімімен аталатын көшеде орналасқан.
Бүгін, 13 сәуірде мектептің экологиялық патрулінің белсенділері П. Васильев саябағында тазалық рейдін өткізді.
Қаланы бірге тазартайық🤍🕊️