2 сәуір-Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні.

2 сәуірде жыл сайын Дүние жүзілік  аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі.

Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен белгіленді, онда аутизммен ауыратын балалар санының көптігіне алаңдаушылық білдірілді.

Жыл сайын 2 сәуірде өткізілетін іс-шаралар қоғам назарын аутизмі бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне аударуға бағытталған.

Қазақстанда балаларда анықталған аутизм жағдайларының саны өсуде. Соңғы 7 жылда бұл көрсеткіш 5 есе өсті.

Біздің мектепте аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар балалар оқиды. Оқушыларға мамандардың түзету көмегі көрсетіледі.

 Мектеп педагогтары «Болашақ» корпоративтік қорының базасында «АВА-терапия» саласында біліктілігін арттырудан өтті. Алынған білім балалармен жұмыс жасауда қолданылады.

Ауруды ерте диагностикалау, ілеспе бұзушылықтарды түзету, негізгі психологиялық-педагогикалық стратегияларды таңдауда жеке көзқарас, ұзақ мерзімді түзету жұмыстары аутизм спектрі бұзылған балалардың сәтті әлеуметтік бейімделуінің маңызды компоненттері болып табылады.

Ата-аналар, мұғалімдер, мамандар және дұрыс ұйымдастырылған оқу ортасы өзара әрекеттескен кезде біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеудің оң нәтижелерін аламыз.

Мектеп мамандары М.Г. Субботина, А.А. Живетьева.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.