Көшелер мен жолдарда көлік пен жаяу жүргіншілердің қарқынды қозғалысы жағдайында жол-көлік оқиғаларының, қозғалыс қатысушыларымен, әсіресе, білім алушылармен жазатайым оқиғалардың саны артып келеді. Балалар мен болған жол-көлік оқиғаларын талдау көрсеткендей, негізгі себептер– оқушылардың ұқыпсыздығы мен тәртіпсіздігі, жолда жүру ережелерін ескермеулері болып табылады. Жол қозғалысы ережелерін,білім алушылар, біліпқана қоймай, оларды әрдайым және барлық жердем үлтіксіз сақтауы, алған білімдерін қолдана білуі керек.
«№ 4 АМИ» КММ Орталық полиция бөлімінің қызметкері, капитан Р.О. Қасымованың қатысуымен бастауыш сынып оқушыларымен «Назар аударыңыз! Жол!» сабағы өтті.
Балалар жаяу жүргінші ретінде жолдардағы қозғалыс ережелерін, бағдаршам сигналдарының мақсатын, жаяу жүргіншілердің мінез-құлық ережелерін естеріне алды: көшеде асықпай жүру, тротуардың оң жағын ұстану, жолды тек бағдаршамның жасыл сигналына немесе жер асты өткелімен өту. Сонымен қатар, жол, бір жақты және екі жақты қозғалыс, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелі сияқты ұғымдарды ойға сақтады. Оқушылар жол белгілері мен олардың атауларын есіне алып, жаңаларымен танысты.
Біз қауіпсіз жол үшін!
Әлеуметтік педагог
А.Д. Манғұтова