Мектеп оқушылары педагог Д.А. Кусаинованың жетекшілігімен 2021 жылғы 25 қараша – 20 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Халықаралық балалар бейнелеу өнері орталығы өткізген «Менің елім – менің болашағым» атты Халықаралық қашықтық шығармашылық конкурсына қатысты.
5 «А» сынып оқушылары Петров Дмитрий, Непп Артур, 8 «Б» сынып оқушысы Бекмагомбетов Арланның «Мен Қазақстан табиғатын сақтаймын» тақырыбындағы жұмыстары жүлделі орындарға ие болып, I дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Жұмыстар фломастер, монотиптік және шикі акварельдер техникасында орындалды.