қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру

ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (бұдан әрі — қағидалар) 5-тармағын орындау үшін Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен бір ата-анадан немесе заңды өкілден, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін П.Васильев көшесі, 17 мекенжайындағы «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ жүгіну қажет. Байланыс телефондары: 8(7182) 67-61-74; 62-55-56;
87056202228.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 01.02.2022 ж. — 10.02.2022 ж.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.