Отбасы және баланы тәрбиелеу

2021 жылғы 12 қарашада «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны шеңберінде № 4 арнайы мектеп — интернатында «Отбасы және баланы тәрбиелеу» — «Семья и воспитание ребенка» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар мен педагогтар алдында басшының орынбасары А.С. Адамова, әлеуметтік педагог А. Д. Мангутова, психолог А. М.Катаева сөз сөйледі.
Сөз сөйлеушілер балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар, оң отбасылық тәрбие бойынша кеңестер берді.
Отбасы-әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды ұғым. Ата-аналар баланың алғашқы тәрбиешілері болып саналады және солай болып қала береді. Баланы отбасында тәрбиелеу — күрделі әлеуметтік-педагогикалық процесс. Ол бүкіл атмосфера мен отбасының микроклиматының баланың жеке басының қалыптасуына әсерін қамтиды.
Жиналыстың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз, әр отбасына бақыт тілейміз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.