Біріншіліктің жеңімпаздары.

Біздің балалар 2021 жылғы 16-17 қарашада «Павлодар қ. № 1 БЖСМ» КММ мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізілетін жарыстарға қатысты.

Өткізілетін жарыстардың мақсаты-оқушылардың спорттық дайындық деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, облыстық және республикалық спорттық іс-шараларға қатысуға қабілетті балаларды анықтау.

Мектеп-интернат оқушылары дойбы бойынша біріншілікке және «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынына қатысып, марапаттарға ие болды:

Алтынбек Ернұр, 4 «А» сыныбы – тоғызқұмалақтан біріншілікте II орын

Булгэр Равиль, 8 «Б» сыныбы – дойбы бойынша біріншілікте I орын

Сушко Дмитрий, 8 «Б» сыныбы – дойбы бойынша біріншілікте II орын

Чугреев Максим, 8 «Б» сыныбы – дойбы бойынша біріншілікте II орын.

Жеңімпаз балаларды құттықтаймыз, зор денсаулық пен табыс тілейміз!

«Павлодар қ. № 1 БЖСМ» КММ әкімшілігі мен педагогтары М.Д.Абдурахмановқа, С.И.Есенгельдинға оқушылармен жұмысы үшін алғыс айтамыз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.