2021 жылдың 31 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар филиалының бастамасымен өткізілген «Педагогикалық шеберлік-2021» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқауға облыс педагогтері келесі бағыттар бойынша қатысты: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Орта білім беру», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Инклюзивті білім беру».
Байқаудың мақсаты-мектепкедейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға және үздік инновациялық тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
«Инклюзивті білім беру» секциясының жұмысына мектеп-интернаттың педагогтары Мустафина Лариса Михайловна «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мүмкіндіктері мен қажет тіліктерінескере отырып оқудағы коммуникативтік біліктерді қалыптастыру» әдістемелік ұсыныстары мен және Абишева Асель Баянбаевна «Сабақтан тыс уақытты ұйымдастыру шеңберінде зияткерлік жетіспеушілігі бар бастауыш сынып оқушыларының танымдық және эмоционалдық саласын дамыту және түзету бойынша жаттығулар мен ойындар жинағы» авторлық әзірлемесіменқатысты.
Лариса Михайловнаның жұмысы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпазды құттықтаймыз!