Жұмысқа икемді адам ғана құрметке ие!

15.03 — 19.03.2021 ж. аралығында «Жұмысқа икемді адам ғана құрметке ие» ұранымен Еңбекке баулу пәндік апталығы өткізілді.

ӘБ жетекшісі Е.А. Шегебаев дайындаған бейнероликте өткізу жоспары мен мақсаттарын ұсынып, пәндік аптаның басталғаны туралы жариялады.

15 наурызда мұғалім Е.М. Пронина оқушылар мен ата-аналарды «Көктемнің қуыршағы» бейне – нұсқаулығына сәйкес қуыршақтар жасаушеберлік сабағына қатысуға шақырды.

Апта бойы мұғалімдер О.В. Касдорф, Г.Н. Цыцыма, З.Х.Полонкоева,«Шеберліктің бес сатысы» квестін өткізді. Оқушылар үшін «Эрудит» тапсырмасымен интеллектуалды стенд, «Гүл алаңқайы» мастер – классы, «Изонить техникасында фото жиектемелер жасау» мастер – классы ұйымдастырылды.

17 наурызда Е.М. Пронина 7 «А» сыныбында «Проблема – covid-19» челленджін өткізді. Оқушылар матадан қорғаныс маскаларын өздері жасады. Челлендждің соңында оқушыларды бетперде киіп, денсаулығын сақтауға шақыру болды.

17 наурыз күні мұғалімдер Е.А.Шегебаев  және Б.Қ. Мұратбай  6 «А»сыныбында «Штангенциркульмен өлшеу» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақ барысында балаларға сабақ тақырыбы бойынша презентация көрсетілді, жаңа ұғымдармен танысу жүргізілді, өлшеу құралымен практикалық жұмыс орындалды, ойын-сауық материалдары пайдаланылды.

18 наурызда мұғалім Е.В. Новобранец 9 сыныпта «Бір жылдық гүлді өсімдіктерді өсіру» тақырыбында қашықтықтан сабақ өткізді.

Мұғалім Е.А. Шегебаев 5-9 сынып оқушыларын «Ойлан тап» байқауына қашықтықтанқатысуға шақырды.

Еңбекке баулу апталығы жұмыстарды жариялаумен және оны өткізуге белсенді қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.