Желтоқсан — сиқыр мен тосынсыйларға, жарқын мерекелік дәстүрлерге толы ай.
Бұл уақытта кереметке деген ерекше сенім оянады: балалар сыйлықтарды және Аяз ата мен Ақшақармен кездесуді тағатсыздана күтеді, ал мектеп мейірімге толы өзгерістер мен Жаңа жыл көңіл күйіне бөленеді.
⚜️Қалыптасқан игі дәстүр бойынша оқушылар Жаңа жылды ұлттық колоритпен қарсы алады. Дәстүрге сай, балалар өз қолдарымен этностильдегі ілмелі әшекейлер мен шырша ойыншықтарын жасады. Бұл шығармашылық жұмыстар мектепті жылулыққа, әсемдікке және өз халқының дәстүрлеріне деген құрметке толтырды.
♦️Өскелең ұрпақ — ұлттық рухтың сенімді сақшылары және болашақтың жасаушылары!»

4 декабря, 2025
admin 












Опубликовано в 
















