Жас суретшінің қылқаламынан туған әлем

«Жас суретшінің қылқаламынан туған әлем»

Танымал маринист Иван Айвазовский: «Көркемөнер палитра мен қылқаламды қолға алған сайын әлемді қайта тудырады», – деген болатын. Бүгін дәл осы шығармашылық қуатын біз «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ қабырғасында көрдік. Мұнда біздің тәрбиеленушіміз, жас суретші Ярослав Черногаловтың жеке көрмесі өтті.

Бір күнге мектеп фойесі ерекше өнер кеңістігіне айналды. Ярославтың картиналары залға өзгеше атмосфера сыйлап, әр туынды жас суретшінің жан дүниесін, нәзік сезімдерін, эмоциялық күйін және айнала әлемді шынайы қабылдауын көрсетті.

Полотнолардан төгілген жылулық, жарқындық пен тереңдік — бұлар қолдан жасалмайтын, шынайы өнерге ғана тән қасиеттер.

Ярославтың өнерге қызығушылығы бала кезден қалыптасқан. Ата-анасының қолдауының арқасында оның қабілеті одан әрі дамыды. Бүгінде ол «Sketh Academy» студиясында сурет өнерін үйреніп, балалар көркемөнер мектебінде қышпен жұмыс жасауды меңгеріп жүр. Сонымен қатар, мектеп-интернатта ұйымдастырылған шығармашылық сабақтарда да шеберлігін жетілдіруде.

Көрменің ашылу рәсімінде Ярослав өткізген шеберлік сабағы көрермендердің ерекше назарын аударды. Қатысушылар жас суретшінің жұмыс техникасымен танысып қана қоймай, оның бағыт-бағдар беруімен алғашқы нық штрихтарын жасап, шығармашылық процесстің бір бөлігі бола алды.

«Бояулар әлемі» көрмесі тағы бір рет дәлелдеді: дарынды балаларға қолдау, қамқорлық және өзін көрсетуге мүмкіндік қажет. Қай жерде даму үшін жағдай жасалса, сол жерде шынайы өнер туады — жанды, шынайы және мағынаға толы өнер.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.