«Жақсылық жаса» ұранымен өтетін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ 0 және 1 сынып оқушыларына мереке күні жаңа рюкзактар мен кеңсе тауарларының керемет жиынтығы табыс етіледі.
Акция аясында мектеп-интернат ұжымы демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды қайырымдылық көмек көрсетуге тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Айта кету керек, жоба көп балалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Оқу жылының басында бірнеше отбасыға кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді, мектепке оқушы жиһазының жиынтығы («Феникс» ЖШС, директор С. Құдабаев), оқушыларға кеңсе тауарларын сатып алуға сертификаттар берілді («12 ай» ЖШС, директор А. Сембина).
Кәсіпкерлер мен бей-жай қарамайтын азаматтарды акцияға қатысуға шақырамыз!
Оқушыларды мектепке дайындауға бірге ат салысайық!