Н. Назарбаев қоры бастамашылық еткен «Жеңістерге бірге» VI паралимпиадалық старттары осы жазғы күндері Қонаев қаласындағы «Балдәурен» РОСО базасында өтті. Павлодар облысы құрама командасының құрамына кіретін «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ спортшылары Аяна Әубәкірова мен Айбек Жүсіпов өз бақтарын сынады. Балалар «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынында жарысып, қыздар арасындағы тартыста Аяна Әубәкірова 1 орынды, ұлдар арасында Айбек Жүсіпов 2 орынды қанжығаларына байлады. Команда қатысушыларының нәтижелері бойынша, Павлодар облысы жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді. Жеңімпаздар медальдармен және сертификаттармен марапатталды. Балалар мен оларға тәлімгерлік еткен педагогтарды тамаша көрсеткіштерімен құттықтаймыз және жетістіктерімен мақтанамыз!