«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі

2022 жылдың 4 наурызында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысының білім басқармасы, М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған қосымша білім беру мекемелерінің және қала мен облыстың білім беру мектептерінің хореографиялық ұжымдары арасында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқауға 45 би ұжымы қатысты, бұл облыстың аудандары мен қалаларынан 270-тен астам қатысушы. Байқаудың қазылар алқасына: М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы басшысының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары  Галия Майдановна Иманбекова, қосымша білім беру педагогы, «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшісі — Анжелика Витальевна Булич, К. Абусеитова атындағы КДО «Жасмин» үлгілі ансамблінің көркемдік жетекшісі — Наталья Леонидовна Лукьянова кірді. 

Байқау халық биі және стильдендірілген халық биі, әлем халықтарының билері; қазақ биі, заманауи би, эстрадалық би, микс-би номинациялары бойынша өткізілді.

Қазылар алқасы нөмірлердің алуан түрлілігін, костюмдердің жарықтығын, жеңіске деген ерік-жігерді, дайындықтың және ұйымшылдықтың жақсы деңгейін атап өтеді.

«Қазақ биі» номинациясы бойынша № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары – «Текеметтің құпиялары» атты қазақ биімен «Карусель» хореографиялық ұжымына құрметті 1 орын берілді. Оқушыларымызды құттықтаймыз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.