11 наурыз күні Оқушылар сарайында Павлодар облысының арнайы білім беру ұйымдары арасында «Екі жұлдыз» балалар шығармашылығының облыстық байқауы өтті.
#4 мектеп-интернатының оқушылары екі номинация — хореография мен вокал бойынша қатысты. Хореограф Т. Н. Топольдың жетекшілігімен «Карусель» би ұжымы 1 және 2 жүлделі орындарға ие болған «Домбыра үні» және «Текеметтің құпиялары» композицияларын ұсынды.
6″А» сынып оқушысы Нелли Непп вокал бойынша педагог М.Г. Субботинамен бірге «Наша с тобой земля» әнін орындап, сертификатпен марапатталды.
Іс-шараның барлық қатысушылары бағалы сыйлықтар мен жағымды эмоциялар алды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!