Бала кезінен бастап туған өлкеге деген сүйіспеншілікті ояту, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың мәдениетіне деген қызығушылықты тәрбиелеу, мемлекеттік тілді үйрену маңызды.
Тілді ойдағыдай меңгеру үшін оқушыларға арналған заманауи оқу-әдістемелік құралдарды, жинақтарды, дидактикалық материалдарды қолданудың маңызы зор.
№ 4 арнайы мектеп-интернатында Қазақ тілі сабақтарында жаңа білімді тиімді меңгеру, өткен материалды бекіту үшін әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Ол грамматиканы зерттеуге де, сөйлеу дамуындағы кемшіліктерді түзетуге де, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Барлық сыныптар оқулықтармен, жұмыс дәптерлерімен қамтылған. «Ақылды қарындаштармен» (сөздерді үш тілде оқитын құрылғы), интерактивті жаттығулар, электрондық оқулықтар, оқу-дидактикалық жиынтықтар, бастауыш және орта буын балаларына арналған танымдық-дамытушылық ойындарды пайдалану балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.
Арнайы мектептің қазақ тілі мұғалімі
Г. Е. Каримова.