Біз — облыс чемпиондарымыз! 🏆

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар арасында өткен XXXIII облыстық Спартакиадада жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталғанын мақтанышпен хабарлаймыз!

Бұл жоғары марапат Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан табысталды. Бұл — тәрбиеленушілеріміздің қажырлы еңбегінің, педагогтеріміздің кәсіби шеберлігінің және нағыз командалық рухтың жемісі.

Спортшыларымызды, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін және команданы жеңіске жету жолында қолдаған барша педагогтерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Алда бұдан да жарқын жарыстар, жаңа жетістіктер мен лайықты жеңістер көп болсын! 🏆

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.