Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысы аясында ата-аналармен «Балалардың жеке қауіпсіздігі және оларды зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саналы дайындықтарын қалыптастыру, баланың жеке шекараларын құрметтеу, алаңдататын белгілерді дер кезінде байқап, күрделі жағдайларда дұрыс әрекет ете білу дағдыларын дамыту болды.

Іс-шара барысында бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған шағын дәріс өткізілді. Баланың өзін тыңдалған әрі қорғалған сезінетін қауіпсіз, сенімді орта қалыптастырудағы ересектердің рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесудің практикалық бөлімі «Қызыл карточка», «Бала не сезінеді», «Жарық пен көлеңке» атты интерактивті жаттығулар форматында өтті. Қатысушылар жағдайларға баланың көзімен қарап, олардың сезімдері мен уайымдарын тереңірек түсінуге, сондай-ақ эмпатия мен конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Кездесу соңында «Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайық» бейнероликтері көрсетіліп, талқыланды. Бұл бейнематериалдар ашық әңгіме мен маңызды ойларға түрткі болды.

Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына бейжай қарамай, белсенді қатысып, ашықтық танытқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз 🤍

Кездесу кураторлары:
Савельева Е.С., Шевчук Ю.М., Сулейменова Б.С.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.