Мектебіміздің психолог кабинеті заманауи Hanshin интерактивті үстелімен толықты. Бұл құрал түзету-дамыту жұмыстарын көрнекі, қызықты әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Психологпен бірге жабдықты сынақтан өткізіп, шағын бейнешолу дайындадық 👩⚕️🎥
Интерактивті үстел келесі бағыттарда қолданылады:
▪️ зейін, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту
▪️ эмоциялық-ерік саласын қалыптастыру
▪️ мазасыздық деңгейін төмендету
▪️ қарым-қатынас дағдыларын дамыту
▪️ балалармен жеке және шағын топтық жұмыс жүргізу
Ойын форматындағы жұмыс балалардың сабаққа тез бейімделуіне көмектеседі, қызығушылығын арттырады және маман мен бала арасындағы жұмыста жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады 🤍
Біз әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, қажетті қолдау алуына жағдай жасау үшін мектебімізді заманауи құралдармен жабдықтауды жалғастырамыз.
▶️ Бейнешолуды көріп, пікірлеріңізді комментарийде қалдырыңыз.

21 января, 2026
admin
Опубликовано в 
















