Осы аптада мектебімізде әрбір күн — жаңа ертегі мен қызықты шытырман оқиғаға толы болды. Бастауыш сынып оқушылары «Антарктидадағы Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгіліктерде қысқы сиқырлы әлемге еніп, ерекше көңіл күйге бөленді.
Балаларды көңілді Аққала, тентек пингвиндер, мейірімді ертегі эльфтері, дана Аяз ата және, әрине, сұлу Ақшақар қарсы алды. Олар бірігіп балаларға шынайы қуаныш пен шаттық сыйлады: қызықты ойындар, көңілді билер және әсем безендірілген шыршаның айналасындағы думанды хороводтар өтті. Әсіресе «Мұздатамын» және «Көңілді қар лақтыру» ойындары балаларға ерекше әсер қалдырды — күлкі мен шаттық бір сәтке де толастаған жоқ!
Әрбір бала Аяз атамен еркін тілдесіп, тақпақтарын айтып, әсем костюмдерін көрсетіп, жаңа жылдық көңіл күйімен қуана бөлісті. Ал мектептегі әсем безендірілген фотозоналарда түсірілген естелік суреттер бұл жарқын сәттерді ұзақ уақыт бойы еске салып тұратын болады.
Бұл мереке балаларымыздың жүрегінде нағыз ғажайыптың бір бөлшегі болып сақталсын!
Жаңа жыл құтты болсын! 🎄✨
Тәрбиешілер:Бауман Э.С., Нурпеисова Ф.О.

25 декабря, 2025
admin 











Опубликовано в 
















