
Алда көптен күткен қысқы демалыс кезеңі — демалып, ойын ойнап, отбасымен бірге уақыт өткізуге арналған тамаша уақыт келе жатыр.
Демалыс күндері тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін жеке қауіпсіздік ережелерін сақтап, мұқият болудың маңызы зор.
📅 Қысқы демалыс 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
📚 Оқу сабақтары 2026 жылғы 8 қаңтарда басталады.
Қысқы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері:
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз: жолды тек белгіленген жерлерден өтіңіз, көлік қозғалысы кезінде мұқият болыңыз.
Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау кезінде абай болыңыз, тек рұқсат етілген және қауіпсіз орындарды пайдаланыңыз.
Су айдындарының мұзына шығуға қатаң түрде тыйым салынады — мұз жұқа әрі қауіпті болуы мүмкін.
Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, электр құрылғыларын абайлап қолданыңыз.
Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыз: бейтаныс адамдармен әңгімеге араласпаңыз, бөгде көліктерге отырмаңыз.
Қауіпті жағдай туындаған кезде жанжалға бармай, қауіпсіз жерге кетуге және ересектерден немесе айналадағы адамдардан көмек сұрауға тырысыңыз.
Қауіпті заттармен ойнамаңыз, күмәнді түйіншектерді ұстамаңыз және ашпаңыз.
Қала сыртындағы сапарларды жоспарлау кезінде төтенше жағдайлар қызметтерінің ескертулері мен хабарламаларына назар аударыңыз.
Жануарлармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, олар тыныш көрінген күннің өзінде сақ болған жөн.
Сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз далада болуға тыйым салынады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
Қысқы демалыс тек қуанышқа, жағымды әсерлер мен көтеріңкі көңіл күйге толы болсын!
Мектеп-интернат әкімшілігі

23 декабря, 2025
admin
Опубликовано в 
















