«Samğau» I республикалық шығармашылық байқауындағы жеңіс.

22 сәуір күні Естай атындағы МС хореография, вокал, аспаптық өнер және көркем оқу бойынша «Samğau» I республикалық шығармашылық байқауы өтті.

Байқау ұйымдастырушысы — «Profi Kz» коммуникациялық агенттігінің ақпараттық және цифрлық қолдауымен «Білім» білім және мәдениетті дамыту қоры» Қоғамдық Қоры.

Фестивальге 4 жастан асқан мәдениет үйлері мен сарайлар, қосымша білім беру және балалалар өнер мектептерінің балалары, жасөспірімдер, әуесқой және кәсіби хореографиялық, вокалдық ансамбльдердің тәрбиеленушілері қатысты.

Біздің мектеп оқушылары екі номинацияда өнер көрсетті: «вокал» және «хореография».

«Хореография» номинациясында «Карусель» хореографиялық ұжымы «Кедергілер арқылы» би композициясын ұсынып, I дәрежелі дипломды иеленді.

«Вокал» номинациясында біздің мектеп-интернаттың намысын «Арман» дуэтіқорғады: Непп Нелли (7А сын.) және Шукарова Дания (6А сын) «Қазақстан»  әнін орындады. Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған топ II орынды қанжығаларына байлады.

Барлық қатысушылар дипломдармен және медальдармен, ал жеткіншектерді дайындаған ұжым жетекшілері  Т.Н. Тополь мен С.В. Новикова «Білім» білім және мәдениетті дамыту қоры» Қоғамдық Қорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Балаларымызға шығармашылық табыс тілейміз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.