«Білім беру сапасын қамтамасыз ету және оқушының оқу жетістіктеріне жету шарты ретіндегі пәнаралық интеграция» облыстық семинары.

2021 ж. 12 наурызында «№ 4 АМИ» КММ жыл сайынғы «Білім беру сапасын қамтамасыз ету және оқушының оқу жетістіктеріне жету шарты ретіндегі пәнаралық интеграция»  облыстық семинары өтті.

Семинар жұмысына арнайы ППТК, ПМПК, білім беру ұйымдарының педагогтары мен мамандары қатысты.

Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудың жетістіктеріне жету шарты ретіндегі пәнаралық интеграцияның мүмкіндіктерін пайдалану бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесі ұсынылды және қорытындыланды.

«№4 АМИ» КММ педагогтары оқу және түзету сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралар кезінде және қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылармен жұмыс тәжірибесі жайлы бөлісті.

Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.