Мен білім алғым келеді

2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында мектепте «Мен білім алғым келеді!»

атты бастауыш сыныптарының пәндік апталығы өтті.

Пәндік аптаның мақсаты бастауыш сынып оқушыларының арнайы білім беру қажеттіліктерінің пәндік білімдерін кеңейту болды.

Пәндік апталық аясында 1-4 сынып оқушылары қамтыған сыныптан тыс жұмыстар, сабақтар өткізілді.

22 ақпанда «Ана тілі күні» өтті. Балалар «С» әрпі мен дыбысы туралы білімдерін бекітті.

1 «А» сыныбының ұстазы Г.Р. Успанова «Айналадығы әлем» пәні бойынша «Менің отбасым» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар отбасы мүшелері және олардың міндеттері туралы әңгімеледі.

23 ақпан — «Математика күні». Мұғалімдер «Математика» ғылымының тарихы туралы айтып берді. Балалар қызықты есептер шығарды, математикалық жұмбақтар шешті, геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітті.

24 ақпанда оқушылар «Дене шынықтыру күніне» белсенді қатысты. Дене шынықтыру мұғалімдерімен бірге балалар спорттық құралдарды қолданып, түрлі дене жаттығуларын жасады.

2 «Б» сыныбында «Адаптивті дене тәрбиесі» пәнінен «Кіріктірілген ойындар» тақырыбында сабақ өткізілді.Мұғалім  Р.С. Абдыкалыков оқушыларды дене шынықтыру сабағында кіріктірілген ойындармен таныстырды.

4 «В» сыныбында «Көлік» тақырыбында «Айнала әлем» пәні бойынша сабақ өткізілді. Оқытушы Н.В. Афанасьева оқушылармен бірге әр түрлі көлік түрлері туралы білімдерін нығайтты.

25 ақпанда «Дәстүр күні» өтті. Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарының тағам атауларын есте сақтады және біріктірді. Мұғалімдер киіз үйдің құрылымы мен безендірілуі, қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы әңгімеледі. Қазақтың ұлттық биі түрінде ұсынылған дене шынықтыру минутын орындадық.

3 «А» сыныбының мұғалімі Е.М  Хлопина  «Заттардың атаулары» тақырыбында «Орыс тілі» пәні бойынша сабақ өткізді. Оқушылар өздігінен заттарға арналған сөздерді тауып, «кім?», «не?» сұрақтарына қарай ажыратты.

26 ақпанда логопедтер «Сөйлеуді дамыту күнін» өткізді. Сабақ «Ш» дыбысының дұрыс айтылуын автоматтандыруға бағытталды.

2 «А» сыныбында «Көктем» тақырыбында «Айналадағы әлем» пәні бойынша  сабақ өткізілді. Мұғалім И.Е. Ербулат оқушылардың «Көктем» мезгілінің белгілері туралы білімдерін нығайтты. Балалар көктем айларының аттарын қайталады, табиғатты аялауға үйренді.

Қашықтықтан оқытылатын бастауыш сынып оқушылары да пәндік апталығына қатысты. Балалар күн сайын бейнероликтер қарап, тапсырмаларды орындады. Балаларды белсенді қолдағаны үшін ата-аналарға алғыс айтамыз!

Бастауыш сыныптарының пәндік апталығы қарқынды және қызықты өтті. Барлық оқушылар белсенді қатысты, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Біздің оқушыларға жан қалауымен оқып, күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, әрқашан алға ұмтылуға тілектеспіз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.