«Біздің Президент» тақырыбында ақпараттық сағат

Патриоттық тәрбие циклі аясында оқушыларға «Біздің Президент» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдаудан басталды. Бұдан кейін еліміздің тарихы, сондай — ақ Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қысқаша өмірбаяны және оның Елбасы ретінде қалыптасуы бойынша экскурс жасалды. Содан кейін оқушылар біздің қазіргі Президентіміз-Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы туралы ақпаратты өзектендірді. Оқушылармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған қызықты викторина өткізілді.

Балалар іс-шараға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді және бір-бірімен білімдерімен бөлісті.

Тәрбиешілер: Бабаева К. И., Мұратбай Б.Қ., Омарова Ж.Д.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.