Ашық есік күні

Ашық есік күні — бұл жайғана кездесу емес, әрдайым одан да маңыздырақ.

Бүгін біздің мектеп-интернатымызда болашақ оқушылардың ата-аналарын қуана қарсы алдық. Бұл танысуға, маңызды сұрақтарға жауап алуға және балалардың мектеп өмірі қалай өтетініне деген шынайы қызығушылыққа толы күн болды.

Мектеп басшысы мен оның орынбасары оқу-тәрбие үдерісінің қалай ұйымдастырылғаны, жұмысымыздың негізгі бағыттары және әрбір бала үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді. Мамандар мен медицина қызметкері оқушылардың бейімделуі және оқу барысында көрсетілетін қолдау туралы маңызды

ақпаратпен бөлісті.

Кездесудің ерекше әрі жылы сәті — оқушыларымыздың өмірі туралы фильмді тамашалау болды. Онда әсерлі Алғашқы қоңыраудан бастап, мектеп бітіру кешіне және кәсіби оқу орындарына түсуге дейінгі жол көрсетілді. Бұл — әр баланың өсуі, еңбегі және кішкентай жеңістері туралы шынайы оқиға.

Кездесу соңында қонақтар мектепті аралап, барлығын өз көздерімен көріп, балалар білім алып, дамитын ортаның атмосферасын сезінді.

Біздің мектепке деген сенімдеріңіз бен қызығушылықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! Біз әр қашан сіздер үшін ашықпыз.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.