Сіздерді мектебімізбен танысуға шақырамыз 🌿

📌 Құрметті болашақ оқушылардың ата-аналары!
30 сәуір күні сағат 10:00-де біздің мектеп-интернатта 0-сыныпқа қабылдануды жоспарлап отырған балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кездесу өтеді.
Сіздерді мектебімізбен танысуға шақырамыз 🌿
Кездесу барысында:
— мектеп-интернат бойынша шағын экскурсия өткіземіз;
— балалардың оқу және тәрбиелену жағдайымен таныстырамыз;
— дәстүрлеріміз, ішкі тәртіп ережелері және білім беру үдерісінің ерекшеліктері туралы айтамыз;
— бала мектепке келер алдында меңгеруі қажет негізгі дағдыларды талқылаймыз.
Біздің мақсатымыз — балалар мен ата-аналар үшін мектеппен алғашқы танысуды жайлы әрі жағымды жағдайда өткізу 🤍
Сіздермен жүздесуге қуаныштымыз!
Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.