📢 Болашақ бірінші сынып оқушыларының құрметті ата-аналары!
Қазіргі уақытта көптеген ата-аналар психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиядан (ПМПК) өтуде және балаларды 1-сыныпқа қабылдау мәселесі бойынша мектеп-интернатқа жүгінуде. Осыған байланысты арнайы білім беру ұйымына қабылдау тәртібін түсіндіреміз.
📌 Білім алушыларды 1-сыныпқа қабылдау жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
• 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүзеге асырылады;
• арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау күнтізбелік жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей жүргізіледі;
• өтініш беру тек электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
⚠️ Назар аударыңыз:
Мектеп-интернат алдын ала жазылуды, кезекке қоюды немесе орын брондауды жүзеге асырмайды.
Барлық өтініштер тек ресми мемлекеттік портал арқылы белгіленген мерзімде қабылданады.
📄 Баланы арнайы білім беру ұйымына қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК) қорытындысы;
• ата-аналардың (заңды өкілдердің) портал арқылы берілген өтініші.
📌 ПМПК қорытындысы – баланың арнайы білім беру ұйымында оқыту қажеттілігін растайтын негізгі құжат болып табылады. Қосымша түрде оқытуды ұйымдастыру бойынша медициналық ұсынымдарды қамтитын дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы ұсынылады.
🤝 Ата-аналардан құжаттарды тапсырудың белгіленген тәртібі мен мерзімдерін сақтауды сұраймыз. Аталған талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген және барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.


17 февраля, 2026
admin
Опубликовано в 
















