
Жаңа жыл басталып, онымен бірге тәрбиеленушілеріміз үшін маңызды, әсерлі әрі шабыт сыйлайтын жаңа спартакиадалар да өз жалғасын тапты. Бізде қуанышты жаңалық бар, оны сіздермен бөлісуге асығамыз!
XXXIII облыстық спартакиада аясында, арнайы мектептер мен мектеп-интернаттар арасында Павлодар қаласындағы «№ 7 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында үстел теннисінен турнир өтті.
🏓Біздің команда тамаша өнеркөрсетіп, жүлделі I орынды иеленді!
Ерекше мақтанышпен жеңімпаз спортшыларымызды атап өтеміз:
💙Шукарова Дания
💙Вальдт Вадим
💙Непп Артур
Жас спортшыларымыз жоғары деңгейдегі ойын шеберлігін ғана емес, өзара достықты, бір-біріне қолдау көрсетуді және жеңіске деген шынайы қуанышты да көрсете білді. Сіздерге эмоция, табандылық және өздеріңізге деген сенім үшін үлкен рақмет! Біз сіздерді мақтан тұтамыз және алда да жаңа спорттық жетістіктер тілейміз.
Әр бір спортшыға сенім білдіріп, қолдау көрсеткен педагогтарға алғысымызды білдіреміз. 🌟🏆

5 февраля, 2026
admin
Опубликовано в 
















