Буллинг жағдайына тап болған балаға қалай көмектесуге болады?

📅 28 қаңтарда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Бала қауіпсіздігі» модулі аясында
5–10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Буллинг жағдайына тап болған балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел материалдары «ДосболLIKE» буллингтің алдын алу бағдарламасының ұсынымдарын ескере отырып дайындалды.
Бірлескен талқылау барысында іс-шара модераторлары — Каримова Г. Е. және Марченко Ю. К. — буллингтің негізгі ұғымдарын, оның себептері мен салдарын қарастырды. Топтық жұмыс кезінде қатысушылар баладағы қорлау белгілерін анықтап, осындай жағдайларда қажетті шаралар мен әрекет ету алгоритмдерін талқылады. Сондай-ақ, қарапайым қорлауды буллингтен ажыратуға мүмкіндік беретін жағдаяттық кейстер талданды.
Іс-шара соңында ата-аналарға балалармен сенімді және конструктивті диалог орнату бойынша ұсынымдары бар буклеттер таратылды.
Барлық қатысушыларға белсенді әрі нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдіреміз!
Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.