«ДОСБОЛLIKE»

«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында, буллингтің алдын алу мақсатында, педагог-психолог А.М. Катаева коммуникациялық дағдыларды дамытуға арналған сабақтар өткізеді. Сол сабақтарда біз келесі дағдыларды қалыптастырамыз: тыңдай білу, жауап беру, өз сезімдерін білдіру; эмоцияларды тану дағдыларын дамытамыз; топта жұмыс істеу қабілетін нығайтамыз; келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу, агрессия мен буллингтің көріністерін алдын алу үшін эмпатия және ынтымақтастық арқылы әрекет етуді үйретеміз. Оқушылар әртүрлі жаттығуларға белсенді қатысып, достық қарым-қатынас дағдыларын бекітеді.
Педагог-психолог: А.М. Катаева

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.