
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ қызметкерлері мен оқушылары осы акцияны қолдау іс-шараларын өткізуге қосылып, жұмысқа белсенді кірісті.
15-21 сәуір аралығында өтетін «Біздің қала — біздің ауламыз, біздің үйіміз» кезеңінде мектеп аумағында шырша көшеттері отырғызылды, қолда бар екпелерге күтім жасау бойынша көктемгі жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
20 сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысу жоспарланған.
«Таза Қазақстан» — өз қолымен!