Үлкен ғаламшардың кішкентай балалары

2022 ж.2 маусымында «№ 4 АМИ» КММ «Балалық шақ ғаламшары» мектеп жанындағы лагерінде «Үлкен ғаламшардың кішкентай балалары» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара бағдарламасында СҚӨ және бейнелеу өнері бойынша мастер-класстар, асфальтта суреттер салу болды.

Мерекелік безендірілген мектеп аумағына үш шығармашылық топ көңілді балалардың музыка әуеніне жайғасты. Павлодар қ. балалар көркемсурет мектебінің педагогы Валентина Петровна Степанко балаларға ермексаздан мүсін жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Балалар «Анаға гүл шоғы» сәндік панноларын жасады.

«Көңілді сегізаяқты» балалар мұғалім Андрей Петрович Солоденкомен бірге «гуашь» техникасында салды. Үшінші топта жас суретшілер ДХШ мұғалімі Алтын Ибраевна Кисамиденованың көмегімен акварельмен саусақпен сурет салу техникасында өз дарындарын сынап көрді.

Мереке кезінде барлық тілек білдірген балалар үшін мектеп-интернаттың педагогы О. А. Мастерованың басшылығымен аквагрим студиясы жұмыс істеді.

Іс-шара жұмыстар көрмесімен және фотосессиямен аяқталды. Сонымен қатар, барлық балалар тәтті сыйлықтар алды.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.