Daryndy bala

«Daryndy bala» эстрадалық вокал және хореография байқауы.

Өткен демалыс күндері 2021 жылдың 28 қарашасында «Колос» балалар мәдени-демалыс орталығында «Daryndy bala» эстрадалық вокал және хореография республикалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: қолайлы психологиялық атмосфераны құру; түрлі қалалардан келген балалар арасында жан-жақты шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту; дарынды жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру.

Байқауда 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатысты. 50-ден астам нөмір ұсынылды.

Мектебіміздің хореографиялық ұжымы «Дала әуені» қойылымымен қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.