Оқыту семинары.

27.10.2021 ж. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, педагог – психологтар, логопед – мұғалімдер, қала мектептерінің педагог – ассистенттері үшін «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық – педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларда психикалық операцияларды қалыптастыру бойынша жұмыс ерекшеліктер» атты семинарды өткізді.

Семинарды өткізудегі серіктестер Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы; Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті: Психология және дефектология жоғары мектебінің кафедрасы; Павлодар облысының Республикалық Педагогикалық шеберлік Орталығының филиалы; Павлодар қаласының психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациясы; Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО республикалық АҚ филиалы; Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.

Семинар жұмысына Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі А.Б. Абишева қатысты. Ол әріптестерімен «Зияткерлік кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін дамыту мен түзетудің тиімді тәсілдері» тақырыбымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол әр сабақта қолдануға болатын осы санаттағы балаларда психикалық белсенділікті дамыту үшін түзету әдістерін ұсынды.

Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасып, жұмыс үшін ұсыныстар алды.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.