Диалог алаңы 2021 жылғы 4 ақпанда Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығында жұмыс істейтін Павлодар облысы педагогтары қауымдастығының кеңесі «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін табысты білім беру ортасы» диалог алаңы форматында кездесу өткізді. Жұмысқа жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары мен мамандары қатысты. Мектебіміздің педагогтары З.С. Конурбаева мен И. Е. Ерболат кездесу қатысушыларына «Арнайы білім беру жүйесінде аутизмі бар балаларды оқытудың ерекшеліктері» және «Сөйлеуді дамыту кемшіліктерін түзету сабақтарында түзету-дамыту жабдықтарын пайдалану»хабарламаларымен сөз сөйлеп, өз жұмысының тәжірибесін ұсынды. Диалог алаңының жұмысын қорытындылай келе, педагогтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін табысты білім беру ортасының моделін жасады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін табысты білім беру ортасы

