15 сәуір күні К. Макпалеев атындағы жалпы білім беру № 4 орта мектеп базасында онлайн конференция форматында «ЕБҚ бар балаларды дамыту бағдарламалары мен қызметінің жеке түрлерін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Біздің мектептің педагогтары да тәжірибе алмасты.
К. В. Бодак «Коммуникативті дағдыларды дамыту арқылы балалардың әлеуметтік бейімделуі» тақырыбында баяндама жасады. Коммуникативтік ойындарды қолданудың маңыздылығы туралы айтып, коммуникативтік ойын элементтерін сабақ барысына енгізу тәжірибесімен бөлісті.
М.С. Молдабекова «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар орта буын оқушыларына әлеуметтік-тұрмыстық бағдар беру дағдыларын қалыптастыру» оқыту бағдарламасын рәсімдеу үлгісінде мультимедиялық бағдарлама жасау бойынша әдістемелік құрал көрсетті.
Ю.С. Глухова «Лэпбук ЕБҚ бар балаларды оқытудың заманауи құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Лэпбук-бұл бала өз қалауы бойынша жеткізіп, ауыстырып, жинай алатын қалташалары, шағын-кітап, терезелері, жылжымалы бөлшектері бар тақырыптық интерактивті папка. Лэпбук-жаңа тақырыпты, материалдарды бекіту мен қайталаудың тамаша тәсілі.
Балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстармен «Өрлеу» БАҰО » АҚФ оқытушылары Б. Ж. Ауталипова, Т. А. Евсюкова бөлісті.
К. Макпалеев атындағы № 4 ЖОМ педагогтары инклюзивті білім берудің өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қарқынды өтті, барлық баяндамалар мазмұнды, қызықты және ЕБҚ бар балаларды оқытуда өте маңызды.
К.В. Бодак