27 қазан күні № 4 мектеп-интернат базасында Қамқоршылар күніне арналған
«Мейірімді жүрек күні» атты мереке өткізілді.
Бұл күн шын жүрекпен өз жанының жылуын, нәзіктігін және оған ерекше
мұқтаж балаларға көңіл бөле білетін, оларды тәрбиелеуде үлкен
жауапкершілікті өз мойнына алған адамдар үшін айрықша мереке.
Ұстаздар пен оқушылар концерт ұйымдастырып, қамқоршылар алғыс
хаттармен марапатталды. Қонақтар мектеп ұжымына балаларға деген жылы
лебіздері мен көрсеткен ықыластары үшін алғыстарын білдірді.

