«Заманауи кезеңде инклюзивті білім беруді дамыту»
атты дөңгелек үстел.

2022 жылғы 20-21 қазанда Шымкент қаласында Қазақстан халықтары
Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумын өткізу
аясында «Заманауи кезеңде инклюзивті білім беруді дамыту» тақырыбында
дөңгелек үстел өтті.
Қосымша білім беру педагогы Т. Н.Тополь мектептің «Карусель»
хореографиялық ұжымымен ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша
форумға қатысып, “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту
мен тәрбиелеудің түзету бағыты” атты баяндама жасады. Гала-концертте
оқушылар “Әлем серпіні” биін көрсетті.