9 наурыз күні қазақ тілі апталығының шеңберінде «№ 4 АМИ» КММ 7-9 сынып оқушылары үшін С. Торайғыров атындағы ПМУ экскурсия ұйымдастырылды. Қазақ тілі апталығы аясында 7-9 сынып оқушыларына С.Торайғыров атындағы ПМУ-да экскурсия ұйымдастырылды. Біздің балаларымыз үшін біліктілігі жоғары деңгейдегі маман, экскурсия жетекшісі Бұлбұл Зикенқызы Асаева археологиялық мұражай залы бойынша өте қызықты және танымдық экскурсия өткізді, ата-бабаларымыздың өмірін түсінуге және көруге көмектескен түрлі экспозициялармен таныстырды. Оқушылар жетекшіні телміре тыңдап, экспонаттарды қызығушылықпен қарады.
Балаларға, әсіресе, «Дос–Мұқасан» шығармашылық ұжымына арналған зал ұнады. Бұл бөлмеде фотопортреттер, журналдар, алғашқы концерттік киімдер мен аңызға айналған топтың музыкалық аспаптары ұсынылды.
Балалар сәндік шығармашылық көрмесіне ерекше назар аударды, онда біздің қала тұрғындарының жұмыстары көрсетілді.
Қазақ халқының музыкалық аспаптар залы балалардың аса қызығушылығын тудырды. Экскурсия жетекшісі қобыз, жетіген, домбыра және т. б. жасалу тарихын кеңінен түсіндіріп берді.
Балалар мұражайға барғандарына риза болды. Көрген экспонаттардан түрлі әсерлер алды. Экскурсия соңында балалар экскурсия жетекшісіне қызықты әңгімелер мен ақпараттар үшін алғыс білдірді.
Экскурсия в музей.
В рамках Недели казахского языка для учащихся 7-9 классов КГУ «СШИ № 4» была организована экскурсия в ПГУ имени С. Торайгырова. Для наших учащихся специалист высшего уровня квалификации, экскурсовод Асаева Булбул Зикеновна провела очень интересную и познавательную экскурсию по залу археологического музея, познакомила с разными экспозициями, которые помогли понять и увидеть быт наших предков. Учащиеся с удовольствием слушали, с любопытством рассматривали экспонаты.
Особенно ребятам понравился зал, посвященный творческому коллективу «Дос- Мұқасан». В этом зале были представлены фотопортреты, журналы, первые концертные костюмы и музыкальные инструменты легендарной группы.
Ребята обратили внимание на выставку по декоративному творчеству, на которой были представлены работы жителей нашего города.
Большой интерес вызвал у детей и зал музыкальных инструментов казахского народа. Экскурсовод рассказала историю создания қобыза, жетігена, домбры и других.
Дети были в восторге от посещения музея. Осталось много впечатлений от увиденных экспонатов. По окончании экскурсии ребята поблагодарили экскурсовода за подробный интересный рассказ.