Педагогикалық идеялар панорамасы

11 қараша күні «Өрлеу» БАҰО Павлодар филиалында 2022 жылдың 1 наурызынан 10 қазан аралығында өткен аймақтық «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мараппаттау рәсімі өтті. Байқауға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру бағыттары бойынша облыстың үш жүзден астам педагогтары қатысты. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегері – 62 қатысушы.
«Арнайы (түзету) білім беру ұйымының мұғалімдері» номинациясында біздің мектеп-интернаттан С.В. Тополь, А.М. Катаева, А.А. Живетьева, М.Г. Субботина ұжымдық жұмысымен және Г.М. Уваисова мамандары қатысып, жүлделі 2, 3 орындарды иеленді.
Ұстаздарды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!