Құқықтық тәрбие сабағы

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны аясында 10 қараша күні № 4 мектеп-интернатта 6-10 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция капитаны Р.О. Қасымовамен кездесу ұйымдастырылды.
Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу Павлодар қ. ОПБ ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы мен мектептің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Оқушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтары мен қылмыстары», «Ақпарат алмасуды жетілдіру», «Жасөспірімдер арасындағы балағат сөздердің алдын алу», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Құқық сабақтары – өмір сабақтары» тақырыбында бейнежазбалар көрсетілді.
Инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершіліктер туралы тоқталды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары әртүрлі болуы мүмкін: зорлық-зомбылық, қатыгездік, агрессивтілік, ауыр қылмыстар, вандализм. Соңғы уақытта аталған қылмыстар елімізде белең алды. Кәмелетке толмағандар қылмыс толқынына көбірек тартылуда, олардың әрекеттері цинизмге, батылдыққа, дене жарақатына әсер етеді.
Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін, күн тәртібін сақтауды (түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз) ұмытпауды алға тартты.Сонымен қатар, ішімдік пен темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы еске салды, бұл жаман әдеттердің қаншалықты қауіпті екенін кеңінен түсіндірді.
Оқушылармен әңгімелесу барысында полиция қызметкері балаларға қылмыстың құрбаны болмау туралы айтып берді, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының сақталуы үшін жауапкершілік мәселелері көтерілді.
Балалар инспекторды назар сала тыңдап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Біз аталмыш шараның бекер өтпегеніне үміттенеміз, ал балалар, өз кезегінде, өмірлерінің тек өздеріне байланысты екенін естеріне сақтап алды.

Әлеуметтік ұстаз: А.Д. Манғұтова