Бүгін біздің балалар үшін Павлодар қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінде қызықты экскурсия ұйымдастырылды 🚒

Оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, арнайы техника мен құрал-жабдықтарды көрді, жауынгерлік киімді киіп көрді және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ұғынды.
Сондай-ақ, балалар өрт сөндіру бөлімінің мұражайында болып, өрт сөндіру қызметінің тарихы мен ержүрек құтқарушылардың еңбегі туралы көп мағлұмат алды.
Мұндай кездесулер балалардың құтқарушылар еңбегіне деген құрметін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.