«Оқу қимылдан басталады: шаршаудың алдын алу ретінде дене жаттығулары»

Бүгінгі күні оқушылар жоғары зияткерлік жүктемеге және аз қимылды өмір салтына тап болып отырған кезде, тек білімге ғана емес, сонымен қатар олардың денсаулығына да көңіл бөлу бұрынғыдан да маңызды ✅

🏋🏻♀️Дене шынықтыру жаттығулары – оқу күні басталар алдында немесе сабақ барысында ағзаның өмірлік маңызды жүйелерін белсендіруге бағытталған қолжетімді қимыл-қозғалыс түрі🏋🏻

Зарядканың негізгі міндеті – оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ ұзаққа созылған ой еңбегінен туындайтын шаршаудың алдын алу 🧠

Дене шынықтыру жаттығулары балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделген жаттығулар кешенін қамтиды. Сонымен бірге көңілді әрі сергітетін әуендік сүйемелдеу де болады 🎶

Әр сейсенбі сайын біздің оқушыларымыз күнін белсенді, көңілді және денсаулыққа пайдалы түрде бастайды!

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Обсуждение закрыто.